telecom@telecom.kz
8 800 080 47 47

«Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ақпарат

Қызмет Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қоғамдағы ішкі аудитті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын Қоғамның органы болып табылады. Қызметтің қызметіне жетекшілікті Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

Қызметтің миссиясы Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі өз міндеттерін орындау үшін Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасына қажетті көмек көрсету болып табылады.

Қызметтің негізгі мақсаты Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамдағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.

  Қызметтің негізгі міндеттері:

1) Қоғамда ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

2) Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау:

2-1) Алаяқтық тәуекелін бағалау және Қоғамдағы алаяқтық тәуекелдерін басқару тиімділігі.

3) Қоғамдағы корпоративтік басқару үдерісін жетілдіруді бағалау;

4) бухгалтерлік есеп жүйесінің сенімділігі, толықтығы, объективтілігі және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;

5) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау және осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің өзектілігін бағалау (сәйкестікті бақылау);

6) Қоғамның ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мен Қоғам мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістерді (тәсілдерді) бағалау;

7) Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарының ішкі аудит қызметіне, сонымен қатар аудиттерді жоспарлау, жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын анықтау, қызметкерлерді іріктеу, Ішкі аудит қызметінің/ Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарының ревизилық комиссиясының қызметін бағалау (Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі бойынша), Ішкі аудит қызметтерінің/Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарының ревизилық комиссиясы басшылары мен жұмыскерлерінің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау мәселесі бойынша әдістемелік қолдау көрсету.

«Қазақтелеком» АҚ қызметіне тәуелсіз және объективті баға беру мақсатында мыналар қамтамасыз етіледі:

- Директорлар кеңесіне тікелей бағыну және есеп беру арқылы ІАҚ тәуелсіз мәртебесі. Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті Қызметтің қызметіне жетекшілік жүргізеді.

- Ішкі аудит саласындағы өзгерістер туралы, сондай-ақ корпоративтік басқару, тәуекелдер мен бақылаулар саласында ІБҚ қызметкерлерінің үнемі хабардар болуы.

- ІБҚ қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттыру.

ІБҚ қызметі «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «Қазақтелеком» АҚ-да Ішкі аудитті ұйымдастыру саясатына негізделген. Аудиторлық тексеру Аудит жөніндегі комитетпен мақұлданған және Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен жылдық Аудит жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызмет тұрақты негізде Аудит жөніндегі комитетпен  алдын ала қаралған Қызметтің қызметі туралы Директорлар кеңесіне (тоқсан сайын, жылдық) есеп береді.

Өз қызметін жетілдіру мақсатында Қызмет тұрақты негізде Қызметтің ішкі құжаттарына (Ережеге және Саясатқа) тиісті өзгерістер енгізеді, сондай-ақ ішкі аудиттің озық тәжірибесіне сәйкес түрлі құжаттар әзірлейді (ІАҚ дамуының стратегиялық жоспары, ІАҚ қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі, КСУР бағалау әдістемесі, типтік жұмыс құжаттары және т.б.).

 Қызметтің қолданыстағы құжаттарына және жаңа құжаттарына барлық өзгерістерді Қоғамның Директорлар кеңесі бекітеді.

 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ ІБҚ бағалаудың екінші кезеңі өткізілді, Ішкі аудиторлар институтының (АҚШ) әдістемесі негізінде Эрнст энд Янг  сыртқы бағалау қорытындысы бойынша «Жалпы алғанда сәйкес келеді» ең жоғары рейтингін алды. Бұл бағалау Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына Қызметтің қызметінің толық сәйкестігін білдіреді.

 2018 жылы кезекті сыртқы бағалауды өткізу жоспарлануда (жылдың екінші жартысында). Бұдан басқа, 2015 жылы Қызметтің қызметі тәуелсіз кеңесші жүргізетін корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау шеңберінде бағаланды - үздік практикаға сәйкестік пайызы 100% құрады.