telecom@telecom.kz
8 800 080 47 47

ІАҚ қызметі Қоғамның Директорлар кеңесі бекітетін Ішкі аудит қызметі туралы ережеге және "Қазақтелеком" АҚ Аудит жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақтелеком»АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастырудың бірыңғай базалық қағидаттары мен рәсімдерін белгілеу мақсатында Директорлар кеңесі Ішкі аудитті ұйымдастыру саясатын бекітті.

Директорлар кеңесі ІАҚ жұмысы туралы есептерді, сондай-ақ "Қазақтелеком"АҚ аудитінің жылдық жоспарларын тұрақты негізде бекітеді.

Ішкі аудит қызметінің жұмысы Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және этика кодексіне негізделеді.

"Қазақтелеком" АҚ Ақпараттық саясаты Корпоративтік басқару кодексінде бекітілген ақпаратты жариялаудың айқындылығы мен объективтілігі қағидаттарына негізделген және қоғамның Қазақстанның ішінде де, одан тыс жерлерде де компанияның қызметі туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған, бұл инвесторлар мен жұртшылық тарапынан жағымды имидж қалыптастыруға және сенімді нығайтуға ықпал етеді.

"Қазақтелеком" АҚ Компания туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, қызметінің нәтижелері, меншік құрылымы және басқару туралы сенімді ақпараттың уақтылы ашылуын қамтамасыз етеді.

Қандай да бір ақпаратты ашу және (немесе) жариялау кезінде Қазақстан Республикасының коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының ережелері, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарының талаптары ескеріледі.