telecom@telecom.kz
8 800 080 47 47

Тәуекелдікті басқару жүйесі туралы ақпарат

  «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік тәуекелдікті басқару жүйесі (КТБЖ) енгізілген, ол Компанияның стратегиялық және операциялық мақсатына қол жеткізудің маңызды шарты болып табылады. 

КТБЖ аясында Қоғамда тәуекелдікті басқару бойынша нормативтік және әдіснамалық құжаттар қолданыста бар, Қоғам басшыларының ролі және жауапкершілігі анықталған, тұрақты түрде мониторинг және тәуекелдікті бақылау жүргізіледі.

Қоғамның тәуекелдері Тәуекелдер тізілімінде көрсетіледі, ол Басқармамен бекітіледі және үнемі жаңартылу барысында. Тізілімнің әрбір тәуекелі  оның жүзеге асырылу ықтималдылығының деңгейіне және салдардың шамасына қарай бағалау рәсімінен өтеді.

Тәуекелдерді талдау және бақылау бойынша жұмысқа «Қазақтелеком» АҚ-ның ішкі сарапшылары да, тәуекелдерді басқару жөніндегі әлемдік жетекші кеңесшілер де қатысады.

Компанияда тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет бар, ол Басқарма жанындағы орган болып табылады, ол Қоғамның негізгі тәуекелдерін басқару туралы шешім қабылдайды.

Директорлар кеңесі бекіткен Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес, КТБЖ негізгі мақсаты - артықшылықты алу және Қоғамның шығындарын рұқсат етілген деңгейден төмендету үшін мүмкіндіктерді барынша пайдалану арасындағы теңгерімге қол жеткізу.

Қоғамның стратегиялық тәуекелдері Директорлар кеңесі бекіткен «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көрсетілген.

«Қазақтелеком» АҚ Ұзақ мерзімді стратегиясында көрсетілген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін стратегиялық және қаржылық, операциялық және басқа да тәуекелдерді бағалауға және бақылауға, сондай-ақ Даму жоспарының тиімділігінің мақсатты мәндерін қанағаттандыруға ерекше көңіл бөледі.

Қоғам үнемі экономиканың нақты секторындағы компаниялар үшін тәуекелдерді басқарудың әлемдік стандарттары бойынша ағымдағы өзгерістерді бақылайды.

«Қазақтелеком» АҚ тәжірибе жүзінде озық тәуекелдікті басқару стандарттарын, мысалы ISO 31000 стандарттар тобын пайдаланатын жетекші телекоммуникациялық компаниялармен тәжірибе алмасып отырады.

Тәуекелдерді басқару тәжірибесінде «Қазақтелеком» АҚ тәуекелдерді басқарудың әлемдік стандарттарына және жетекші телекоммуникациялық компаниялар тәуекелдерін басқарудың озық тәжірибесіне ғана емес, сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ қызметінің ерекшелігін ескереді.

Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі шеңберінде туындаған тәуекелдер оқиғалары жағдайында тәуекелдерді іске асыру себептерін жоюға және салдарын барынша азайтуға бағытталған бірқатар шаралар анықталды және әрбір тәуекел үшін бекітілді.

Тәуекелдерді басқаруға бағытталған әрбір іс-әрекет үшін жауапты басшылар  анықталды.

Шараларды іске асыруда үнемі мониторинг және бақылау жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді бағалау және жүргізілген тұрақты басқару іс-шаралары деректерін қоса алғанда, Тәуекелдер тізілімі, міндетті түрде шолу мен жаңарту процедурасынан өтеді.

Қоғамның стратегиялық мақсаттарын және даму жоспарын түзету кезінде тәуекелдерді басқару жұмысы сәйкесінше түзетіледі.

Қоғамның тәуекелдерді басқару үдерісі автоматтандырылған, Топтың стратегиялық және операциялық қаржылық жоспарлау үдерістерімен біріктірілген және корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.